Сапалы әрі арзан тауар

Қала тұрғындарының жәр-меңкеден күтері осы – сапалы және арзан азық-түлік сатып алу. Алыс өңірдегі аудандардан, жайылымы шүйгін, суы тұнық өңірлерден әкелінген ет, сүт, май мен қаймақ, картоп пен сәбіз, құс еті мен жұмыртқа алуға асығады. Қара суық көтеріліп, қар ұшқындап, ауа
райы қыстың қыр астында екендігін аңғартқан тұста өткен жәрмеңкеге келушілер қарасы әдеттегіден көп болды. Жәрмеңкені Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев аралап көрді.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәлiметiне қарағанда, жәрмеңкеде жалпы құны 79,7 миллион теңгенiң 75,6 тонна ауылшаруашылығы өнiмдерi саудаланды. Бұл күнi жергiлiктi тауар өндiрушiлер өнiмнiң 50 түрiн, атап айтқанда, 36 тоннаға жуық ет пен шұжық, 4,5 тонна балық, 152 мың дана жұмыртқа, 6 тоннадан астам сүт және сүт өнімдерін, 12 тонна ұн өнімдерін, 6,5 тонна картоп және өзге де
ауылшаруашылығы өнімдерін жеткізді. Аталған тауарлар тұтынушыларға нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада ұсынылды. Ең бастысы, барлығы сапалы әрi қолжетiмдi бағамен сатылды. Ет, картоп, сары май, жұмыртқа, ұн өнімдерін сатып алу үшiн тұтынушылар ұзын сонар кезекке тұрды, аталған тауар түрлерiне сұраныс көп болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий