Сапарда – «Жеңіс» автобусы

«Сейнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Көкшетау автобус паркінің бас директорлары Райхан Сейдалина мен Әсия Шәрімованың қолдауымен 5 мамырда №7, 9 маршруттар бойынша мерекелі «Жеңіс» абтобустары сапарға шықты.

Ержүрек жауынгерлер жан-жақтан атқылаған зеңбіректер мен оқтарға қарамастан, өмір мен өлімнің арасында жүрсе де, көңіл көтеріп, ән айтуды тоқтатпаған. Оған дәлел, осы күні айтылатын соғыс кезіндегі әндер. Бірқатар әндер сол уақытта отансүйгіштік рухта шығып, жауынгерлер арасында айтылып жүрсе, нәзік лирикалық әндерінің бір бөлігі елге жетіп, танымал болды. Күні бойы жолаушыларға әскери киімдегі автобус жүргізушісі, кондуктор, үгіт бригадасының «сарбаздар отряды» серік болды. Мерекелік бағдарламаның негізгі идея-
сы – Отан соғысының отты жылдарындағы лирикалық шығармалар мен әндердің мәнін ашу. Ол әндердің жеке тарихы мен тағдыры бар. Жолаушылар назарына викториналық сұрақтар ұсынылып, халық сүйіп тыңдайтын «Ақ көгершін», «Катюша», «Огонек», «В землянке», «День Победы», «Эх, дороги», «Смуглянка», «Синий платочек», «Три танкиста» әндері айтылды.Бұл күндері мерекелік көңіл-күйде айтылған әндер тым ерекше шырқалып, бейбітшілік пен мейірімділік сезімін ұялата отырып, тұрғындарды жақындастырды. Аталмыш іс-шара Жеңіс үшін аянбай ерлік көрсеткен бабаларды еске алу, құрметтеу және сыйлау, қадір тұту мерекесі деп атауға болады.

Ұлы Жеңіс күніне арналған плакаттармен, 1945 жылғы 10 мамырда шыққан газеттермен безендірілген автобус жолаушылардың назарына қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Песни войны и победы» ақпараттық-музыкалық бағдарламаны ұсынды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс