Сапа анықталып, мерзім белгіленді

        Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың 20 маусымдағы кезекті жұмыс сапары Красный Яр кентіндегі маңызды нысандарды аралап, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысудан басталды. Онымен тиіс-ті ұйымдардың жетекшілері бірге болды.

Алдымен әкім жаңа салынып жатқан модельдік бу қазандығы маңайының абаттандырылуымен таныс-
ты. Егер коммуникация жүйесі және кәсіпорынды жетілдірудің мәселелері түпкілікті шешілуге таяу болса, оның маңайы әлі көп жұмысты қажет етеді. Бұл алаңда көгалдандыру жұмыстары, асфальттау жұмыстары жедел жүргізілуге тиіс. Әзірге жылу беру орталығының маңайы қоршалумен ғана шектелген. Қала әкімі жұмыс қарқынын үдетіп, 1 шілдеге дейін аяқтауды міндеттеді. «Мансұр» деп аталатын 140 орындық балабақша красныйярлық балдырғандарды қабылдауға даяр. Мектепке дейінгі мекемеге қазірдің өзінде 90-нан астам ата-ана өтініш берген. Қазір мектепке дейінгі мекемеде даярлық жұмыстары ойдағыдай
ұйымдастырылған. Сондай-ақ, бұл мекемеде жаңадан 30-ға тарта жұмыс орны ашылуы кент тұрғындарына қуаныш болып отыр. Ермек Боранбайұлы оқу бөлмелері, ойын және жатын орындарын көріп, ұжым мүшелерімен пікір алмасты. Кентті аралауын аяқтай келе, ол №3 жалпы білім беретін мектепке соғып, алдағы оқу жылына дайындықтар барысымен танысты. Жолай облыс орталығына барар Красный Яр трассасында жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. «Көкшетау автодор» ЖШС-гі кіріскен жұмыс ауқымы бес шақырымнан асады. Қала басшысының бұл жолғы жұмыс сапары жаңа «Сарыарқа» мөлтек ауданында аяқталды. Құрылыс жұмыстарымен қоса, Ермек Боранбайұлы осы маңайды абаттандыру жұмыстарына баса назар аударды. Жұмысшылар өздері еңбек етіп жатқан құрылыс алаңында тәртіп пен тазалықтың сақталуы жөнінде нұсқау алды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс