Сапа бақылауда

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев көктемгі су тасқынына әзірлік шараларымен және білім ордаларының жұмысымен танысу мақсатында облыс орталығындағы бірнеше нысанды аралап көрді.
Өңір басшысы алдымен Уәлиханов көшесінің бойындағы су өткізетін арықтың жұмысымен таныс-ты. Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ю.Шидловскийдің айтуынша, арықтар уақытылы тазартылуда. Облыс әкімі сала басшыларына алдағы уақытта да жұмысты бәсеңдетпей, үнемі басты назарда ұстауды тапсырды.
Облыс басшысы Көкшетау жоғары техникалық колледжінің ұжымымен кездесіп, цифрландыру бағытында білім беруге басымдық беретін оқу ордасының тың жобаларымен таныс-ты. Қазіргі таңда колледждің күндізгі бөлімінде 2131 студент білім алуда. 1973 жылы іргетасы қаланған білім ордасында 4 оқу-өндірістік корпус пен 500 адамға арналған 2 жатақхана бар. Колледж директоры Ақнұр Қабиденқызының айтуынша, екі оқу ғимаратының қасбеті мен терезелерін және еден жабындысын жөндеу үшін 77,3 миллион теңгенің жобалық сметалық құжаты дайындалған. Өңір басшысы оқу корпусын аралап көріп, студент жастардың оқудағы жетістіктерімен танысты. Облыс әкімі Көкшетаудағы «Білім-инновация» мектеп-лицейінде атқарылып жатқан жұмыстармен де танысты. Лицей директоры Ғалымжан Ещановтың айтуынша, білім ордасында 218 оқушы оқиды. Лицей оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық пән олимпиадаларында жүлделі орындар иеленіп келеді. 2018 жылы лицейде «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы аясында Дүниежүзілік банк гранты есебінен 61,1 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. Ғимараттың қасбеті мен жылу жүйесі жөнделіп, қабырғалары мен шатыры қымталған. Қазіргі таңда білім ордасының шатыры және қоршаулар мен қақпаларды демонтаждау бойынша жұмыстар жүргізуге, сондай-ақ, қойманың карнизін жөндеуге жалпы сомасы 39,6 миллион теңге көлемінде қаражат қажет. Өңір басшысы алдағы уақытта бұл мәселелер оң шешілетінін айтып, өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп отырған ұжым басшылығына алдағы уақытта да осы үдеден көрінулеріне тілектестік білдірді. Өңір басшысы Көкшетау қаласындағы №8 орта мектебінде де болып, су тасқынына дайындық барысымен танысты. 1969 жылы іргетасы қаланған мектептің ғимараты әбден тозығы жеткен. Білім ордасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 340 миллион теңге қаражат қажет. Облыс әкімі бұл қаражаттың екі жыл ішінде екі бөліп берілетінін айтты. Сонымен қатар, алдағы уақытта оқушылардың білім сапасын көтеру қажеттілігіне де баса назар аудару керектігін алға тартты. Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Застанционный кентіндегі көпір мен Шағалалы су қоймасының жағдайымен танысып, сала басшыларына бірқатар міндеттер жүктеді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий