Сап түзеп, ән салған оқушылар

DSC_6649

Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен колледждердің оқушылары сап түзеп, патриоттық ән салудан сайысқа түсті. Жеңімпаздарды Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев пен облыстық білім басқармасының жетекшісі Талғат Жүнісов құттықтап, дипломдар тапсырды.

Патриоттық ән байқауына қаланың мектеп оқушылары бірнеше ай бұрын дайындығын бастаған. Сымдай тартылып, әскери форма киінген қыз-жігіттер өзін сарбаздардай сезініп, жауапкершілікті жақсы ұғынған. Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізіліп келе жатыр. Биыл да біркелкі форма, қатардың бұзылмауы, қадамды бірдей жасау, әнді бұзбай, бірге айту сияқты талаптар қойылды. Оларға баға берген қазылар алқасының құрамында әскерилер мен мектеп, колледждерде алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беретін мұғалімдер бар. Шараға қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жеңімпаздарға кубоктар мен ақшалай сертификаттар табыс етті. Байқауға тыңғылықты дайындалған №21 мектептің оқушылары гран-при жүлдесі мен 200 000 теңгеге ие болды. 1-ші орынды №12 мектептің тобы иеленіп, 150 мың теңгеге қол жеткізді. 2-ші орынды №6 мектептің оқушылары алып, оларға 100 000 теңге сертификат берілді. Ал, 3-ші орынға №3 мектеп ие болып,
75 000 теңгеге қол жеткізді. Колледж-дер арасында 1-ші орын мен 100 мың теңге сертификатқа Көкшетау жоғарғы колледжі, 2-ші орын мен 75 000 теңгеге Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледж, 3-ші орын және 50 000 теңгеге Красный Яр селосындағы агротехникалық колледж ие болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий