Сауапты іс – сарқылмайтын қазына

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, опера әншісі Төкен Ілияс көпсалалы облыстық ауруханаға  дезинфекциялау аппаратын сыйға тартты.

Аталған құрылғы аурухананың кіреберісінде орнатылды. Аппарат дене температурасын әп-сәтте анықтайды. Қытайдан жеткізілген құрылғыға динамикалық бетті тану камерасы, интернет арқылы басқарылатын деректерді сақтау, спреймен автоматты дезинфекциялау кіреді. «Аппарат коронавирустан қорғауға арналған. Егер дене температурасы нормадан асып кетсе, ол бір секунд ішінде көрсетіледі. Аппарат адамды толық дезинфекциялайды», – деп түсіндірді Төкен Ілияс. Оның айтуынша, құрылғыны сатып алудағы негізгі мақсат – Көкшетау тұрғындарына көмектесу. «Елде коронавирус індетін жұқтырғандар саны артып келеді. Қазіргі басты мақсат – бірігу және бір-бірімізге көмектесу. Егер болашақта инвесторлар табылса, осындай аппаратты жеткізуге көмектесуге дайынмын», – дейді Төкен Ілияс.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий