Сахнаны сазды әуен мен биге бөлеп…

Мәдени шараны дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында биылғы «Ақмола жұлдыздары» халықтық шығармашылық байқауы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. «Менің елім – тәуелсіз Қазақстан!» деп аталатын бұл байқауға облыс орталығындағы барлық әлеуметтік сала мекемелері мен өндіріс орындары қатысуда. 

«Ақмола жұлдыздары» байқауының шымылдығын балабақша тәрбиешілері ашты. «Чайка», «Жұлдыз», «Айша», «Арман» және Гагарин атындағы балабақша ұжымдары айрықша көзге түсті. Кішкентай өнерпаздар би билеп, ән айтып қоймай, ел тарихы жайлы сахналық көрініс көрсетті. 

Білікті дәрігер Бағила Закрина жетекшілік ететін Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен ардагерлеріне арналған емхана жанындағы «Алтын жас» клубының мүшелері Отан туралы әндерді шырқады. Емхана хатшысы Гүлден Шаханова мен окулист Асылзат Пазылова қазақ және өзбек биін, іс жүргізуші Жұлдыз Сапарбаева «Адай» күйін кұйқылжыта орындады. Қазақ тілі маманы Ләззат Қаппасова, тіркеуші Ризагүл Төлегенова орындаған «Мереке» және «Арманыма асығып барамын» әндері тыңдарманды баурап алды. Қазақ тілі мұғалімі Динара Орлова концерт жүргізуші ретінде жақсы қырынан танылды. №1 қалалық емхананың дәрігер-хирургі Зарина Өтекина «Отан-ана», мейірбике Жұпар Есенғожина «Қазақ жас-тары» әндерін орындады. Оператор Аймара Тасова мен дәрігер-статистик Нұргүл Қоңқаева бірлесіп орындаған «Туған жер» әні де көпшіліктің көңілінен шықты.20160302_105425

Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаментінің бас маманы Күлімжан Сәдуова «Менің Қазақстаным» өлеңі мен «Аналарды аялаңдар» поэ-масын шебер орындап берді. Бас мамандар Алтынай Қайыржанова, Гүлназ Айтқожина, жетекші маман Азамат Жүнісов орындаған «Еділ мен Жайық», «Весна на Заречной улице», «Атамекен» әндері, бас маман Данияр Жарлықов тартқан «Адай» күйін де тыңдарман сүйсіне тыңдады. Асхат Жұмабаев Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңін нақышына келтіре оқып берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс