Сақтандыру қорында 3,3 миллиард теңге

Ведомствоның дерегі бойынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 қарашасына дейін жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры шотына аударған жарналарының жалпы сомасы 4,5 миллиард теңгені құрады. Оның 4,16 миллиард теңгесі жұмыс берушілердің аударылымы, 336 миллион теңгесі жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық жағдайдағы келісімшарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың жарнасы. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлемді уақытында аудармағаны үшін өсім төледі. 2018 жылы Ақмола облысында жарнаны төлеу барысындағы өсімнің жалпы сомасы 13,9 миллион теңгені құрады. Жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарнасы 2017 жылдың 1 шілдесінен  2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін 4,5 миллиард теңгені құраған. Жалпы, ақмолалықтардың жарнасы – 3,3 миллиард теңге.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий