Сақтансаң, сақтайды!

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова Көкшетау қаласындағы бірқатар сауда-ойын-сауық орталықтарын аралап, ондағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайымен танысты.

Халық қалаулысы алдымен «РИО» сауда-ойын-сауық кешенінде болды. Аталған орталықтың коммерциялық директоры Арман Тәшенов ғимарат ең озық технологиямен жабдықталған бизнес кешені екенін атап көрсетті. Өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйесі жұмыс істейді. Ол айналма желілер арқылы қалалық су құбырына қосылған. Өрт бола қалса бірден іске қосылып, суды бүрку арқылы өрт ошағын сөндіреді. Төтенше жағдайлар мекемесімен ұдайы жаттығулар болып тұратынын да тілге тиек етті. Ресейдегі оқиғадан кейін төтенше жағдайлар жөніндегі мекеме қызметкерлерін шақырып, олқы түскен тұс болса, бірлесіп шешуге ұйғарыпты. Халық қалаулысы мұндағы жағдайды көріп, білгесін қарапайым адамдардың өрт қаупі кезіндегі әрекетіне назар аудару аса қажет екенін айтты. Бұдан әрі «Oго-го» балалардың ойын-сауық орталығында болып, жаңадан ашылған кешеннің өрт қауіпсіздігін  сақтау жөніндегі жағдайына қанықты. Ойын-сауық ошағы басшылары бұл бағытта көп жұмыстар істеуге тура келетінін айтты. Мұнда қалалық су құбырына қосылған өрт сөндіру гидранттары бар болғанымен, басқалай адамдардың өрт бола қалғанда далаға шығу жолдары кедергісіз болуы керектігін ұмытпаған жөн. Парламент депутаты Меруерт Қазбекова ендігі жерде төтенше жағдайлар мекемелері мұндай кешендерді тексеру кезінде жазалауға емес, нұсқау беру арқылы көмектесуге баса назар аударылса деген ойын білдірді.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий