Сақтық шаралары жалғасады

Пандемияның қайта өршу қаупі азаматтардың сақтық шараларын сақтауына тікелей байланысты. Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина осылай деп отыр. Ел аумағында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, карантиндік сақтық шаралары толық атқарылуы тиіс. Арнайы брифинг барысында өңірдегі қоғамдық көлік қозғалысы, сауда орындарының, қызмет көрсету нысандарының, балабақшалар мен өзге де нысандардың жұмыс кестесі мәлім болды. 

Қазіргі таңда 20 мыңнан астам ақмолалық коронавирус-ты анықтауға тест тапсырған. Зерттеу қорытындысы бо-йынша 110 азаматтың ауруға шалдыққаны расталды. Оның 96-сы Целиноград ауданында тіркелген. Өткен аптада облыс бойынша вирустың таралу деңгейі 1,3 пайызды құраған. Жалпы, бұл көрсеткіш 3 пайыздан төмен деңгейде сақталып отыр. Бұл Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін айғақтайды. «Вирустың түбегейлі жойылмауы салдарынан бұл талаптар сақталып отыр. Әлі де ауру жұқтыру деректері тіркелуде. Бұл талаптарды сақтау күнделікті өмір тәртібіне енуі тиіс. Егер сақтық шаралары тиісті деңгейде болмаса, аурудың өршу қаупі бар. Жалпы, вирустық аурулардың мерзімдік сипатқа ие екені белгілі. Сондықтан, күз айларында коронавирустың өршу қаупі бар», – дейді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.
Өңірде 70 блокбекет қызметін жалғастырады. Елді мекендерге келіп-кетуші тұрғындар «Қолдау», «Сергек» жүйелерінің көмегімен рұқсат құжаттарын алуы тиіс. Төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен, карантин шаралары сақталады. Яғни, тұрғындар санитарлық талаптарды толық сақтауы тиіс. «Мамандардың болжамы бойынша Қазақстанда вирустың таралуының жоғары шегі әлі толық өткен жоқ. Бірқатар өңірлерде ауру таралуы әлі де өршіп тұр. Жағдайдың бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Аурудың өршуі орын алған жағдайда облыстың медицина мекемелерінде қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті», – дейді облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.
Жуық арада балабақ-шалар ашылады деп күтілуде. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде дезинфекциялау шаралары мен карантин талаптары толық орындалады. Топтағы бүлдіршіндер саны да 15-тен аспауы тиіс. Бұдан былай, аумағы 2 мың шаршы метрге дейінгі сауда орындары кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Спорт және мәдениет нысандары, халыққа қызмет көрсету орталықтары да қызметін жандандырады. Қоғамдық орындарда 2 метрлік әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий