«Сейтен тағылымы»

«Көкше» академиясында белгілі балалар жазушысы, педагог, шығыстанушы-аудармашы Сейтен Сауытбековке арналған «Сейтен тағылымы» конференциясы биыл оныншы рет болып өтті. С.Сауытбековтің кітапханатанушылық-библиографиялық қызметі жайында «Ұрпақ үнін үкілеген ғибратты ғұмырдың аманаты» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты Аян Қажыбаев, «Тағылым тегі – ұлттық  тәрбиенің қайнар бұлағы» деген тақырыпта аға оқытушы Қалел Самарқан баяндамалар жасап, аталмыш академия ректоры Шоқан Қасым, педагог-жазушының ұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Сейіл Сауытбеков, «Көкше» академиясының вице-президенті, қызы Гүлнар Сейтенқызы, «Бұқпа!» газеті мен «Жер шоқтығы» журналының бас редакторы, жазушы  Төлеген Қажыбай, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Жетпісқалиев, «Әдебиет порталының» бас редакторы, ақын Бауыржан Қарағызұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Қасиет Молғаждаров, тағы басқалар құттықтау сөздер сөйледі. Гүлнар Сейтенқызының «Қуырылған бидай» әңгімесі бойынша ұстаз туралы тағылымды сахналық қойылым көрсетілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс