Сенатор сайлауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2017 жылдың 28 маусымында Парламент Сенатының депутаттары сайлауын өткізу белгіленген болатын. Осыған орай, кеше Ақмола облысы мәслихаттары депу-таттарының бірлескен отырысы өтіп, мәслихат депутаттарынан құралған таңдаушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлады.

Мәслихат депутаттарының бірлескен отырысын ашқан облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин заң бо-йынша Парламент Сенатының депутаттығына сайлау мәслихат депутаттарынан құралған таңдаушылардың құзырына берілгендігін және «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы» конституциялық заңының 77 бабына сай, бұл таңдаушылардың бірлескен отырысында өтетінін айтты. Облыс мәслихаттарының 276 депутаты болса, бірлескен отырысқа 271 депутат келген екен. Заң талабына сай, депутаттардың елу пайыздан астамы қатысқан жағдайда ол заңды болып табылмақ. Бұдан кейін облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әділхан Шаяхметов сөз алып, депутаттарға дауыс беру тәртібін баяндап берді. Сайлау бюллетені арқылы таңдаушылар өзі қалаған үміткердің тегінің тұсына белгі қояды. Бір таңдаушы бір дауыс бере алады және жарамсыз болып қалған бюллетеннің орнына екіншісі берілмейді. Биылғы Парламент Сенатының депутаты сайлауына облысымыздан екі үміткер: Дәурен Әділбеков пен Дамир Досхожин қатысқан еді. Сайлауға дауыс беретін таңдаушы ретінде қатысқан мәслихат депутаттарынан бөлек, үміткерлердің сенім білдірген өкілдері және бақылаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бақылаушылардың арасында облысымызда тіркелген түрлі саяси партиялардың өкілдерімен бірге, шетелдік бақылаушылар да болды. Дауыс берудің алдын ала шығарылған қорытындысына сай, депутаттықтан үміткер Дәурен Әділбековке барлық таңдаушылардың 94,46 пайызы дауыс берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс