Сенатор Серік Ақылбай ҚР Конституция жобасына енгізілген өзгерістер жайында түсініктеме берді

Жалпы қазақстандықтардан 6000 жуық ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай мәлімдеді. «Елбасы Парламентке Конституцияның 19 бабына 26 түзету енгізуді көздеген заң жобасын ұсынды. Екінші оқылымда тұжырымдамалық тұрғыда депутаттардан заң жобасы өз қолдауын тапты»,-деді Серік Ақылбай. Оның айтуынша, Палатаның бірлескен отырысында Парламент депутаттары тарапынан бірнеше ұсыныстар енгізілді. Яғни, Парламент палаталарының тұрақты комитеттерінен қолданыстағы Конституцияның бірқатар нормасына барлығы 26 түзету келіп түсті. Олардың барлығы арнайы құрылған Бірлескен комиссияда жан-жақты қаралды. Комиссия өз жұмысының қорытындысы бойынша Конституцияның 6 бабына (4,10,39,41,55,74 баптары) қосымша түзетулерді қабылдады.  Аталған ұсыныстар екінші оқылымда депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ, Серік Ақылбай 6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, депутаттар ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын екінші оқылымда қабылдағанын жеткізді. «Қазіргі таңда Парламент колданыстағы Конституцияның 25 бабына 32 түзету енгізу көздейтін заң қабылдады . Оны Мемлекет басшысына қол қою үшін ұсынды. Заң жобасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 72- бабына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына жіберді» деді Серік Ақылбай.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс