Сенбілікті ұйымшылдықпен өткізу – дәстүріміз

Қала әкімдігі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының бірлескен үйлесімді жұмысының нәтижесінде ару шаһарымыз – Көкшетау жылдан-жылға жасарып, келбеттеніп келеді. Биылдың өзінде облыс орталығын абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалығын жақсартуға байланысты 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығындағы айлық аясында бірқатар ауқымды шаралар жүзеге асырылды.

DSC_2087Әсіресе, қаланың шет аймақтарындағы қордаланған күл-қоқыстарды жинау қолға алынды. Сондай-ақ, ағаш отырғызу жұмыстары да белсенді түрде жүргізілуде. Мұның бәрі алдымен қала тұрғындарына қолайлы тұрмыстық жағдай туғызу үшін жасалып жатқан игілікті шаралар екендігін атап өткіміз келеді.

DSC_2118Қалыптасқан дәстүр бойынша сенбіліктерді ұйымшылдықпен әрі тиімді өткізу үшін қала аумағы жылдағыдай 218 шағын учаскеге бөлініп, 218 ұйымға бекітіліп берілді. Соның нәтижесінде 30 қыркүйектегі жалпықалалық сенбілік біршама сәтті өтті. Дәлірек айтсақ, Көкшетау қаласынан Красный Яр селосы бағытындағы автомобиль жолының екі жақтауы мен саяжай маңын, Абай көшесі бойындағы Т.Досмағанбетовтың скверін, Орталық паркті, «Даңқ» аллеясын, Бұқпа тауындағы көру алаңын және «Есіл» жанар-жағармай құю станциясының территориясын тазарту үшін коммуналдық кәсіпорындармен бірге жоғары оқу орындары және колледждердің 150-ге тарта студенттері жұмылдырылды. «Алтынтау Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Красный Яр жолының бойындағы өздеріне бекітіліп берілген учаскедегі 13 стихиялық күл-қоқыс үйіндісін тазартты. Бұл жұмысқа 150 адам мен 8 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылды. Жалпы, қала бойынша күл-қоқыстарды тасымалдау үшін 20 бірлік жүк машинасы, 3 жүктиегіш қатыстырылды. Ұйымдар мен кәсіпорындар да белсенділік танытып, 547 ағашты, 20314 погон метр бордюрді әктеді. Сенбілікке қала бойынша 6 мыңға жуық адам қатысып, 810 текше метр күл-қоқыс жинады. Оның бәрі қала шетіндегі полигонға тасымалданды. 30 қыркүйекте өткен жалпықалалық сенбілік мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің, оқу орындарының, тұрғындардың өз қаласының таза әрі сәнді болуына мүдделі екендіктерін тағы бір дәлелдеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс