«Сервистік әкімдік» форматына көшті

ҚР Президентінің мемлекеттік органдардың халықпен транспаренттілік принципі бойынша өзара іс-қимыл форматына көшу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде Красный Яр селолық округінде «Сервистік әкімдік» іске қосылды. Оның ашылуына жемқорлықпен күрес бойынша аумақтық комитет жетекшісі Мұрат Төлеубаев, облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов қатысты.
Мемлекеттік орган-дардың біртіндеп сервистік форматқа көшуі қалалар мен аудандарда ғана емес, селолық округтерде де жүзеге асырылуда. Жедел мемлекеттік қызмет пен кеңес өңірдің әр тұрғыны үшін қолжетімді болуы тиіс. – Облыс бойынша 16 сервистік әкімдік жұмыс істеуде. Осы ретте аймақта Мемлекет басшысының «Еститін үкімет» тұжырым-дамасы бойынша жүк-теген тапсырмасы бел-сенді жүзеге асырылуда. Мемлекеттік аппарат қызметінің транспаренттілігі мақсатында ашық бюджеттердің интерактивті картасы жұмыс істейді, түрлі мемлекеттік құрылымдарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылуда, барлық қызмет салаларында мониторинг жүргізілуде, – деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.
«Сервистік әкімдік» жұмысы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, халықтың сандық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың түспеуіне бағытталған. «Жоба принциптері Мемлекеттік қызметтерді бір жерде көрсететін мемлекеттік органдарды шоғырландыру және округ азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. «Сервистік әкімдік» азаматтармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге мүмкіндік береді және ауылдың әр бұрышында орналасқан бөлімдерді іздемей, халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимаратта алуға мүмкіндік береді», – дейді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов.
Сонымен қатар, бұл ғимаратта күту залындағы ыңғайлы орындар, кондиционер, су диспенсері және ақпараттық теледидар орнатылған.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий