Солақай саясаттың салқыны

Сонау нәубет жылдары жарты миллион қазақ халқы аштықтан қырылды. 1937-1938 жылдары еліміз бойынша 100 мың адам абақтыға қамалып, 25 мың адам атылды. Тоталитарлық жүйенің құрбандарын жазалау үшін республика көлемінде 953 лагерь жұмыс істеген. Ақмола облысы бойынша 5400 адам қуғын-сүргінге ұшырап, 1640 адам атылған. 600 мыңнан астам ұлт өкілдері тарихи Отанын тастап, өзге елге ауып кетуге мәжбүр болды. Сондықтан қолдан жасалған аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын естен шығармау қажет.

«Тарих шындығы: Оқиғалар, тағдырлар». Осы тақырыппен Көкшетау қаласындағы Достық үйінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтілді. Жиналғандар алдымен ескі мұсылман зиратына барып, Науан Хазіреттің, Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллиннің анасы Әлияның, Алаш ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің ұлы Аянның рухына құран бағыштады. Ашаршылық пен репрессия тақырыбына қалам тербеп жүрген ақын-жазушылар Айдос Әбутәліпов, Серік Жетпісқалиев, тарихшылар Ғалымтай Төлепбергенов пен «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сансызбай Мұқитанов сөз сөйлеп, бүгінгі күннің маңызына тоқталды.  Одан кейін Достық үйінде нәубетті жылдардың қасіретін тартқандарға арналған конференция өтті. Оны облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов жүргізіп отырды.

Конференцияда Астана қаласындағы мемлекет тарихы институты директо-рының орынбасары Амангелді Қашқым-баев «Ізгі мұра, қаһармандық рух иесі» тақырыбында баяндама жасады. 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс