Соғылды соңғы қоңырау

Ақмола облысында оқу жылын 128 мың оқушы бітірді. Соңғы қоңырау шарасы онлайн режимде өтті. Өңірде оқу жылын аяқтаған оқушыларға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы құттықтау тілегін білдірді. «Баршаңызды кезекті оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын! Бүгін сіздер тағы бір белесті бағындырып, жаңа кезеңге аяқ бастыңыздар. Осы қуанышты сіздермен бөліскім келіп отыр. Тағы бір оқу жылы артта қалды. Бүгін бүкіл республика бойынша барлық мектептерде онлайн форматта соңғы қоңырау өткізіліп жатыр. Білім алудағы жұмсаған күш-қуат, атқарған еңбектеріңіз сіздерге лайықты жемісін береді деген сенімдемін», – дей келе, Ермек Маржықпаев бүкіл дүниежүзіне тарап отырған пандемияның еліміздің білім жүйесі үшін қиындықтар туғызып отырғандығын атап өтті. «Осындай қиын жағдайда соңғы оқу тоқсаны мектептерде ерекше форматта өтті. Жұмыс ауқымы педагогтар мен оқушылар үшін ғана емес, ата-аналарға да көбейді. Сіздер өзара қарым-қатынастың жаңаша сапасын жолға қойып, білім беру мен білім алудың жаңаша әдістемелерін игеріп, заманауи технологияларды қолдану арқылы оқытудың дағдыларын меңгере алдыңыздар деп сенемін!» – деп толықтырды өңір басшысы.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий