Соғылды соңғы қоңырау

9-11 сынып түлектері үшін мектеп аулаларында соңғы қоңырау жиыны өтуде. Жыл сайын мектеп түлектері мен оқушылары соңғы қоңырау мерекесін мектеп қабырғасында өткізетін еді. Алайда, биылғы жыл өзгешерек. Пандемияға байланыстыәр мектепте өтетін дәстүрлі жиын санитарлық нормаларға сай өтті.

Биылғы жылы Көкшетау қаласының №19 орта мектебінде 70 түлек мектеп қабырғасымен қоштаспақ. 19 түлек орыс сыныбының бітірушілері, оның 3-еуі ерекше үлгідегі аттестат иегерлері. Салтанатты жиынға жиналған мектеп түлектері және олардың ата-аналарын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова кезекті оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге биік белестерден көріне берулерін тіледі. 11 «в» сынып оқушысы Қайрат Сұлтан сыныптағы белсенді оқушылардың бірі. Халықаралық, облыстық байқаулардың жүлдегері. «Дәл осы сәтте алтын ұя – мектебіме ерекше бір қимастық сезімі пайда болды. Өйткені, мен бүгін 11 жыл бойы білім алған мектебімді аяқтап жатырмын. Алға қойған мақсаттарым өте көп. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түссем деген арманым бар. Сондай-ақ, ата-анама және ұстазым Бекзат Сабырқызына алғыс айтқым келеді» – деп жүрекжары лебізін білдірді Қайрат Сұлтан. 11 «в» сыныбының жетекшісі Бекзат Сабырқызы 6-сыныптан бастап оқушыларын өз қанатының астына алған. Сол уақыттан бері оқушыларымен түрлі сайыстарға қатысып, олардың сапалы білім алып шығуларына өз септігін тигізген. Жұмыс өтілі 30 жылды құрайды. «Түлектеріме, әрине, жолдарының ашық болғанын, бізді және ата-аналарын қуантып, биіктерден көріне бергенін тілеймін!» – деп ізгі тілегін жеткізді ұстаздары Бекзат Сабырқызы.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий