Соғылды соңғы қоңырау

Мамыражай мамыр айының жиырма бесінші жұлдызы күні еліміздің түкпір-түкпіріндегі білім ошақтарында соңғы қоңырау соғылды. Жалпы, соңғы қоңырау салтанаты – ересектер үшін сағыныш, ал мектеп бітіруші түлектер үшін аса тебіреніс тудыратын сәт. Көкшетаудағы Тәуелсіздік алаңында өткен соңғы қоңырау салтанатында мектеп түлектерін құттықтаған қала әкімі Ермек Маржықпаев оларға сәт-сапар тіледі.

Көкшетау қаласының мектептерінен 838 түлек түлеп ұшады. Мектеп бітірушілердің 709-ы алдағы ҰБТ-ға қатысып, бақтарын сынайды. «Алтын белгіден» үміткер 43 түлек те өз білімдерін көрсетуге күш салады. 11 түлек ерекше үлгідегі аттестат алудан үміткер. 

DSC_7288Мектеп бітіруші жас түлектер үшін 25 мамыр күні айрықша күн. Ұстаздары он бір жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы шәкірттерімен қоштасатын сәт те – осы. Өйткені, бұл күні қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалаған сан мыңдаған бала алтын ұяларымен қоштасады. Олар үшін сыңғырлаған жез қоңырау-
дың үні соңғы рет соғылады. «Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білім, мейірім, қамқор, пейіл. Олар – біздің болашағымыз. Олай болса, бүгін бүр жарған болашақ ұл-қыздарымыздың санасына құйылған білім нәрі мәңгілік болғай. Осы борышты ауырсынбай, өзінің адамгершілік парызы, қала берді аналық қамқорлығы ретінде түсінген ұстаздарға алғысымыз шексіз. Жүректері лүпіл қаққан, осынау шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек! Қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер», – деп ақжарма тілегін білдірді қала әкімі Ермек Маржықпаев. Биыл түлектер үшін ерекше тарихи жыл. Себебі, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында үлкен өмірге жолдама алып отыр. Облыс бойынша мектеп бітіретін 4331 түлектің 214-і «Алтын белгіден», 97-сі үздік аттестаттан үміткер. Қала мектептерінен 838 түлек түлеп ұшады. Мектеп бітірушілердің 709-ы алдағы ҰБТ-ға қатысып, бақтарын сынайды. «Алтын белгіден» үміткер 43 түлек те өз білімдерін көрсетуге күш салады. 11 түлек ерекше үлгідегі аттестат алудан үміткер. Шара барысында қала басшысы биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарда, спорттық шараларда, сондай-ақ, халықаралық конференцияларда топ жарған №1 орта мектептің түлегі Темірлан Темірханов, №14 орта мектептің түлегі Данияр Шаймерденов, №6 мектеп-лицейдің түлегі Дарья Овсянникова, №17 орта мектептің түлегі Мәдина Шәкенова, №6 мектеп-лицейдің түлегі Сергей Гордиенко, №1 мектеп-гимназиясының түлегі Сұлтан Боранбай,  №4 орта мектептің түлегі Юлия Жуковская, №3 мектеп-гимназияның түлегі Жанель Егінтаева, №8 орта мектептің түлегі Никита Курганский, №19 орта мектептің түлегі Ұлан Мұсайбекке және олардың ата-аналарына Алғыс хаттар тапсырды. «Осыдан он бір жыл бұрын кішкентай болып осы мектепке келген балапандар қазір, міне, әдемі қыз-жігіттер болып өсті. Түлектер, сіздерді осындай деңгейге жеткізген ұстаздарыңызға мың алғыс! Сіздерді атааналар атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы баға алуларыңызға тілектестік білдіремін», – деп алғысын білдірді ата-аналар атынан Сәуле Шәкенова. Бұл күні ардагер ұстаз, білім беру ісінің үздігі, Көкшетау қаласының құрметті азамацты Күләш Темірбаеваға мектеп бітірушілер кітабы салтанатты түрде табыс етілді. Балалықпен қоштасып, үлкен өмірмен қауышу алдында тұрған түлектер үшін жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. Он бір жыл бойы сабақ са-
йын естілген әдемі қоңырау үні мектеп бітірушілер үшін соңғы рет соғылды. Соңғы қоңырау үні көңілдерде сыңғырлап, көпке дейін жаңғырып тұрып алғандай болды. Әсем әуеннің ырғағымен мектеп бітірушілердің вальсі басталды. Салтанатты кеште ізгі тілектермен қоса, бастауыш сынып оқушылары әзірлеген арнайы қойылым ұсынылды. Шара соңында түлектер арман-тілектері жазылған шарларды көк аспанға ұшырды.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс