Спорттағы ел мерейін өсіргендер

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының нәтижесінде біздің өңірде де дене тәрбиесі мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау жақсы жолға қойылған. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда ғана спорттық нысандар саны 100-ге ұлғайды. Ал, спортшыларымыздың қолжеткен жетістіктеріне келетін болсақ, биылдың өзінде республика, облыстық деңгейде өткен жауапты сайыстарда 500-дей медальды еншіледі.

24-26 тамызда Жарқайың ауданында өткен «Ақбидай» жазғы ХХХ спартакиадасына 16 аудан мен 2 қаладан бір мыңнан астам спортшылар қатысып, спорттың 7 түрінен сынға түсті. Негізгі бәсекелер Державинск қаласындағы жаңадан салынған стадионда өтті. Бұл арада айта кетерлік бір жайт, аудан басшылығы аталған шараның маңыздылығын ескере отырып, бұл нысанды бар-жоғы бір жарым айдың ішінде жаңадан салып шықты. Оған облыстық бюджеттен 100 миллион теңгедей қаржы бөлінді. Сонымен үш күнге созылған сайыс нәтижесінде 16 аудан, 2 қаладан келген спортшылар футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, стол теннисі, отбасылық сайыстардан сынға түсті. Мықтылар бас қосқан ақтық жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Көкшетау қаласы мен Жарқайың ауданы жеңімпаз деп танылды. Жерлестеріміздің осы спартакиадада қолжеткен жетістіктерін саралайтын болсақ, олар спорттық туризм, шахмат, дойбы, футбол және жеңіл атлетикадан бірінші орын, ерлеріміз бен әйелдеріміз волейболдан екінші орын, әйелдер баскетболдан үшінші орынды иеленіп, үлкен мерейге бөленді. Спорттың әр түрі бойынша жеңімпаз атанған танымал спортшылар алдағы айда Ақтөбе қаласында өтетін республикалық спартакиадада облыс намысын қорғайтын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс