Спортшылар ауыл балаларымен кездесті

Ақмола облысының спорт аңыздары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен шалғай ауылдардың балаларымен «Спорт әр ауылға» – форматында кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты: шағын қалалар мен ауылдарда бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, балалар мен жастарды спортпен тұрақты айналысуға тарту, балалар спортының материалдық-техникалық базасын дамыту. Күш сандары бойынша әлемнің төрт дүркін рекордсмені, Гиннесс кітабының рекордсмені Сергей Цырульников және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені, армрестлингтен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР 13 дүркін чемпионы, Азияның 8 дүркін чемпионы Илья Илин, Street Workout бойынша Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа чемпионы, Street-lifting халықаралық дәрежедегі спорт шебері Имран Ибрагимов Шортанды ауданы, Бозайғыр, Біржан сал және Бұланды ауданы, Капитоновка, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылдарының, Макинка ауданының жас тұрғындарымен кездесті.
Атақты спортшылармен кездесуді балалар үлкен ықыласпен күтті. 200-ге жуық бала отандық спорт аңыз-
дарымен тікелей сөйлесе алды, оларға сұрақтар қойып, өз жетістіктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, спортшылар олар үшін шеберлік сабақтарын өткізді, онда олар өздерінің шеберліктерін көрсетті, еңбексүйгіштіктен, спорттық жаттығуларға толық берілгендіктен, керемет оқудан және әрине, әрқашан алда болуға деген үлкен ықыластан тұратын спорттағы жетістіктердің құпияларымен бөлісті. Кездесу соңында балаларға сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсті.
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бөкубаевтың айтуынша, шағын қалалар мен ауылдарда әлемдік спорттың болашақ жұлдыздары өсіп келеді, мұнда өмірдің өзі нағыз чемпиондарды дайындайды және шыңдайды. «Біз эстафетаны жас ұрпаққа тапсырып, балғын жүректерінде оларды үлкен жеңістерге жетелейтін Олимпиада алауын жаққымыз келеді», – деп атап өтті Ә.Бөкубаев. С.Цырульников: «Біз Қазақстанда спорт пен патриотизмді ілгерілету мақсатында ауылдарға шықтық, алда біз жетістікке жетеміз деп үміттенемін. Мен жастарымыздың дамып, тек алға қарай қадам басқанын қалаймын. Балалардың көздері жанып тұр, эмоция өте керемет, бұл шабыттандырады».
Илья Ильин жас ауыл тұрғындары жеңімпаздың қуатына ие болғанына сенімді және бұл жерде қолдау көрсету өте маңызды. «Мұндай кездесулер, біріншіден, балаларға дені сау және рухты болу қажеттігін жеткізуге көмектеседі. Екіншіден, күні бойы Интернетте отырмауы үшін оларды спорт секцияларына тартуға көмектеседі»,– деді И.Ильин.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий