Спортшылар марапатталды

Ақмола облысында спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлдемен марапатталды.Шараға қатысқан өңір басшысы Ермек Маржықпаев өткен жылдың ең үздік спортшыларына жүлделерін табыс етті. «Жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген спорт саласының өкілдерін Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы сыйлықпен марапаттау дәстүрге айналып отыр. Барлық спорттық жетістіктер қоғамдық ұйымдардың, жаттықтырушылар мен спортшылардың ерен еңбегі», – деді аймақ басшысы.

«Ақмола облысының спорт тарландары» облыстық спорт форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Шара барысында спорт жетістіктері туралы бейнефильм көрсетіліп, спорт ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Бұл күні түрлі додаларда озық шығып, облыстың мәртебесін көтерген үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, облыстық спорт мекеме-лерінің басшылары және спорт журналистері жыл қорытындысы бойынша Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлде және арнайы ақшалай сыйлық-тармен марапатталды. Шара басталмас бұрын жиналғандар спорттық жетістіктер паш етілген көрмені тамашалады.   Жыл қорытындысы бойынша 2018 жылдың ең үздік спортшысы ретінде семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жазғы Азия ойындарының чемпионы Дмитрий Алексанин, «2018 жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымы бойынша
бокстан Қазақстан Республикасының жаттық-тырушысы Александр Высоцкий лайық деп танылды. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлде мен ақшалай сыйлықтар халықаралық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанған 30-дан астам спортшы мен спорт тақырыбын жазатын БАҚ өкілдеріне тапсырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий