Спорт саңлағына құрмет

Биыл дәстүр бойынша Зеренді ауданында танымал аяқ доп шебері Тимур Сегіз-баевты еске алуға арналған кезекті халықаралық турнир ұйымдастырылды. Футболдан өтетін бұл дода 20 жылдан астам уақыт теңбіл допқа құмартқан жастардың басын қосып келеді. Турнирдің жабылу рәсіміне облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, жас спортшыларды жеңістері-мен құттықтады. Бүгінгі таңда облыстағы мамандандырылған мектептерде 17 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Алты ауданда заманауи денешынықтыру және спорт кешендері ашылды.

BERIK
BERIK

Астрахан ауданында дәл осындай ғимараттың құрылысы аяқталса, Ерейментау және Біржан сал аудандарында қолға алынды. «Біздің облыс көптеген халықаралық, республикалық жарыстарды өткізудің орталығына айналды. Спорттағы басты бағыттардың бірі, жасөспірімдер мен балалардың арасында қызығушылық артып келе жатқан футболды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы орайда қатарынан 20 жыл өткізіліп келе жатқан Тимур Сегізбаев атындағы халықаралық турнирдің үлесі зор. Оның есімі қазақстандық футбол тарихына алтын әріппен жазылған. Сондықтан, балалар осындай алдына мақсат қоя білетін адамдарға ұқсауға тырысу керек», – деп атап өтті Ермек Маржықпаев. Әкім жас теңбіл доп шеберлеріне Қазақстан құрамасы сапында 19 жыл өнер көрсеткен даңқты спортшы сияқты жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.
«Бүгінгі жарысқа Тимур Санжарұлының шәкірті, Алматының «Қайрат» командасында 300-ден астам ойын өткізген Қазақстан футболының мақтанышы Сейілда Байшақовтың қатысуы қуантып отыр»,– дей келе, аймақ басшысы даңқты спортшыға естелік сыйлық тапсырды. Турнирге Зеренді ауданы мен Омбы, Ташкент, Астана, Көкшетау, Екібастұз, Қарағанды, Ақтөбе және Тараз қалаларынан келген 2005, 2006 және 2007 жылы туған жасөспірімдерден құралған 20-дан астам команда қатысып, бақ сынады. 2007 жылғы жасөспірімдер арасында чемпиондық атаққа 8 команда таласса, 2005-2006 жылғы жасөспірімдерден құралған 12 команда екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. 2005-2006 жылғылар арасында ақтөбеліктер бірінші орын еншілесе, 2007 жылғылар арасында Көкшетаудың «Энергетик» командасы жеңімпаз атанды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий