Станционный кентінің әкімі А.К.Тасқынбайдың есеп беру кездесуінде сөйлейтін сөзі

Құрметті Станционный
кентінің тұрғындары!

«Станционный кентінің 2020 жылғы 12 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және проблемалық мәселелері туралы» баяндама жасауға рұқсат етіңіздер.
Қаржы саласы
Станционный кенті әкімі аппаратының кіріс бөлігі 2019 жылғы 1 желтоқсанда 64 379,2 мың теңгені құрады. Түсімдер субвенциялар мен қалалық бюджеттен трансферттермен 59 345,0 теңге, салықтық түсімдер – 4 381,7 теңге, салықтық емес түсімдер – 38,2 теңге көлемінде толықтырылды.
Соңғы 4 жылда Станционный кентінің бюджеті өсіп келе жатқанын атап өткен жөн.
Әлеуметтік сала
Кенттің жалпы халқы 2440 адамды құрайды, еңбекке қабілетті жастағы адамдар – 1263 адам, оның ішінде 1240 адам тұрақты жұмыспен, 27 адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
Жұмыспен қамту орталығында 2019 жылы – әлеуметтік ақылы жұмыстарға 14 адам тіркелді. 18 отбасы (73 адамнан тұратын) АӘК алды. (Атаулы әлеуметтік көмек).
Коммуналдық сала
Соңғы 2-3 жыл ішінде Станционный кентінде түбегейлі өзгерістер болды: екі бес қабатты 2 үйдің аулалары жөнделді, 2 ойын алаңы, жасанды жабыны бар 1 шағын футбол алаңы және 1 мұз айдыны орнатылды.
Жалпы көлемі 1136 м2 болатын 4 млн 608 мың теңгеге жолдарды жамау аяқталды.
Юбилейная көшесіне және мектептің жанына қосымша 6 көше шамдары орнатылды.
Есеп беру кезеңінде елді мекен аумағында қар тазарту жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді.
Ауылдың 513 нысаны жылу энергиясын пайдаланады. Қысқы жылу беру маусымына дайындыққа байланысты барлық конвективті бөлшектерді ауыстырумен №1 қазандықтар жөнделді, 2 жаңа DN-10 түтін шығаратын қондырғы орнатылды. Тоқсан ішіндегі 180 метрлік құбырлар ауыстырылды, 250 метр құбырларға оқшаулау жүргізілді.
Тазалықты сақтау мақсатында ауылда таза бейсенбіліктер және сенбіліктер өткізіледі. Ауыл әкімдігі біздің ақсақалдарымызбен және №7 орта мектептің оқушыларымен бірге жаңадан құрылған Бейбітшілік даңғылына ағаш отырғызды.
Абаттандыру шараларына ауылдың барлық мекемелері мен кәсіпорындары қатысады, акция халық арасында белсенді қолдау табуда.
Шағын бизнес
Шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы субъектілердің саны 22 бірлікті құрады. Бөлшек сауда және тұрмыстық қызметтер жеке негізде көрсетіледі: 7 сауда нысаны, монша, 2 шаштараз, жеке кәсіпкерлер халыққа түрлі коммерциялық қызмет көрсетеді.
Жыл сайын барлық есептік кездесулер мен жиналыстарда ауыл тұрғындары дәріхана ашу туралы мәселе көтерген еді. Соған орай «Көкше Фарм-2018» ЖШС (директоры Залелов Марат Шоқайұлы) дәріхана ашуға лицензия алды. Дәріхана 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істейді.
Станционный кентінде инвестиция тарту және жаңа кәсіпорындар құру бо-йынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылдың соңында көп мөлшерде астықты сақтаумен және оны жағдайға келтірумен айналысатын «АгроКЗ-2017» ЖШС құрылды және жұмыс істейді. ЖЭС Солтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық кәсіпорындарының 18 мың тоннаға дейін дәнді дақылдарын қабылдап, өңдей алады. Жобаның құны – 2,0 миллион доллар.
Екінші кәсіпорын – «Көкше Май» ЖШС. Күніне 500 тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдейтін зауыт. Инвестиция көлемі – 16,5 миллион доллар. Жұмыс орындарының саны – 165 адам. Компанияны 2020 жылы іске қосу жоспарланған.
Өткен жылы өртенген қағаз қалдықтарын жинап, кәдеге жарататын, жұмыртқа науаларын шығаратын және сататын «Көкше ЭкоТара» ЖШС-нің цехы қалпына келтірілді. Өндіріс жылына 17 миллион науа шығарады, бұл Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құс фабрикаларына қажеттілікті өтеп отыр.
Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлармен ауылға жақын жерде жанармай құю стансасын құру, газ құятын резервуарларды қалпына келтіру, сауда нысандары мен түрлі қызметтер салу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласы әкімінің, қалалық құрылыс бөлімінің тапсырмасымен Мәдениет үйінің 160 орындық акт залы, электронды кітапханасы, әмбебап спорт залы, хореографиялық және үйірме бөлмелері бар құрылысының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл теңдесі жоқ бірегей жоба болмақ.
Болашақта тұрғын үйлерге 2800-ге жуық жеке үйлер қосылады, ал тұрғындар саны 10 000-нан 15 000 адамға дейін артады деп жоспарланған.
Алдағы жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Баршамыз сол үшін қызмет етейік!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий