Студенттердің білім сайысы

Көкшетау қаласында техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары студенттерінің арасында пән олимпиадасы аяқталды. Интеллектуалды бұл бәсеке қазақ тілі, ағылшын тілі және Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде өтті. Олимпиадаға облысымыздың барлық аймақтарынан келген 70 студент қатысты.

Қазақстан тарихы бойынша үшінші орынды көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжінің студенті Қобылан Есіркепов, екінші орынды Бозайғыр ауылындағы №5 агротехникалық колледж шәкірті Гүлнұр Әбілмәжінова иеленсе, бірінші орын Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенті Замира Нуруллаға бұйырды. Ағылшын тілінде оқитын шәкірттер арасында қазпедколледждің студенті Айдана Көпей мен Аружан Талапкерованың, Шучье педколледжінің студенті Айдын Рамазановтың бағы жанды. Басқа ұлт өкілдері арасында білімдарлық танытқан студенттер Валентина Буркина, Мафтуна Насиртаева, Екатерина Винниченко, Вероника Истомина, Анастасия Тарасова, Ахмет Қасымов көпшіліктің құрметіне бөленді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс