Студенттік клубтар слеті өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыс орталығындағы колледждердің 11 клубының қатысуымен «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының слеті өтті.

Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті және облыстың білім басқармасы ұйымдастырды. Слет Көкшетау қаласының құрылыс-технологиялық колледжінің базасында өтті, онда студенттік клубтар парасаттылық бойынша өз жобаларын ұсынды. Әр колледжде ай сайын парасаттылық сағаттары, түрлі конкурстар, челлендждер, құқықтық білім бойынша семинар-тренингтер өткізіледі. Мұндай жұмыс жастар арасында адалдық пен адамгершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іс-шара қорытындысы бойынша қазылар алқасы студенттік клубтардың үздік жобаларын анықтады. Бірінші орынға азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері, екінші орынға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі клубының өкілдері ие болды. Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің студенттері үшінші орынды еншіледі. Қазіргі уақытта облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1800 студентті қамтитын 32 «Саналы ұрпақ» клубы жұмыс жүргізуде.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий