Студент болу – абырой!

Ақмола облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №А-8/364 қаулысына сәйкес Көкшетау медицина колледжі облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Көкшетау жоғары медицина колледжі атауына ие болды. Қазір мұнда емдеу мекемелерінің бас және аға мейірбикелері республикалық бюджет есебінен қайта даярлықтан өтуде. Жақында колледжге биыл түскен шәкірттерді студенттер қатарына қабылдау шарасы өткізілді.

Суреттерде: Көкшетау қаласының құрметті азаматы, денсаулық сақтау саласының үздігі Болат Жанәділов озат студенттерге сертификат тапсыруда, медициналық оқу орындарына жаңадан түскен шәкірттерді студенттер қатарына қабылдаудың ежелден бергі қалыптасқан дәстүрі.

Аталған оқу орны білім беру сапасы жөнінен ұлттық рейтинг бойынша елімізде алдыңғы қатардан көрінуде. 2014 жылдың қыркүйегінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша мұнда қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы сынақ ретінде енгізілді. Тәжірибе көрсеткеніндей, орта буын мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі бұл қадам өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Сөйтіп, ағымдағы жылдың қыркүйегінен Көкшетау жоғары медицина колледжінде бас және аға мейірбикелер республикалық бюджет есебінен жеделдетілген бағдарлама бойынша қосымша оқытылуда. Осыған орай 10 қарашада облыстық филармонияда «Студентке қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған облыс орталығындағы барлық емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері қатысты. Салтанатты жағдайда Тұңғыш Президент атындағы стипен-
дия сертификаты Назгүл Жәнібекова мен Әлия Бралинаға, «Үздік оқуы мен кәсіподақтағы адал жұмысы үшін» республикалық стипендия Жансая Мұхамбеталинаға, денсаулық қызметкерлері кәсіподағы-
ның облыстық филиалы дайындаған Кәкім Жұман атындағы стипендия Айым Тұрсымбай, Роман Терехин, Айжан Саттыбаева, Саят Барлыбаев, Жахангір Әбдірахмановқа, «Мейірімділік» волонтерлік қозғалысына қатысқаны үшін М.Н.Смирнова атындағы стипендия Алтын Әбілхалықоваға тапсырылды. Колледж әкімшілігі атындағы арнайы шақырылған мамандарға, әлеуметтік әріптестерге құттықтау сөздері үшін алғыс білдіріліп, ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс