Суда құтқару станциясы ашылды

Жаңа станция Қопа көлінің жағасында жұмыс істейді. Ол контейнерлік типте жылдам тұрғызылатын модульді жаңа үй-жайдан және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ғимараттан тұрады.

Станцияның салтанатты ашылу рәсіміне Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Иван Юрченко, Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Мұрат Омаров, Департамент құрылымдарының басшылары қатысты.

Өз сөзінде Алексей Советов ең басты мақсат тұрғындарды, объектілер мен аумақты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды сапалы қамтамасыз ету екендігін атап өтті. Құтқарушылардың  төтенше жағдайларда жедел әрекет етуі, құралдардың тиісті деңгейде күтіліп, сақталу қалпына байланысты болатындығы  айтылды. Суда құтқару станциясының іске қосылуымен құтқару бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығы арта түседі. Оған қажетті арнайы техникаларды орналастыратын ангар, қызметтік иттерге арналған вольер, автоматтандырылған шлагбаум, Щучье көлі жағасында бақылау бекеті, жиһаз, конвекторлар мен басқа да қажетті құрал-жабдықтар сатылып алынды. Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Қопа, Бурабай ауданындағы Шучье, Бурабай көлдеріндегі пирстер толық жөндеуден өткізіліп, түгелдей жаңартылды.

Ә. ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий