Судьялар қаражатына спорт алаңы салынды

Заманауи спорт алаңы Көкшетаудың 195 жылдығын мерекелеу және Жас-тар жылы шеңберінде ашылып отыр. Шараға аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлерінің игі істеріне алғысын білдірді. «Бүгін біздің қаламыз үшін ерекше күн. Тамаша спорт алаңы ашылуының куәсі болып отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын ҰҚК Департаменті жазғы спорт алаңын ашқан болатын. Енді міне, сол игі іс жалғасын та-
уып отыр. Алдағы уақытта өзге де департаменттер мен басқармаларды осы ортақ іске атсалысып, дәстүрді жалғастыруға шақырамын»,– деді аймақ басшысы. Ал, Ақмола облыстық сотының төр-ағасы Досжан Әміров игі іске Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асановтың судьялар мен мамандар ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануды қалыптастыру туралы үндеуі арқау бол-ғанын атап өтті. Алаңда судьялар түрлі іс-шаралар өткізіп, спортпен белсенді шұғылданатын болады. Бұдан кейін, облыс әкіміне Ақмола облыстық сотында ашылған «фронт-кеңсе»
таныстырылды. Айта кетейік, қала күні Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алдындағы студенттер скверінде воркаут, футбол, хоккей және балалардың ойын алаңдары бар ашық спорт кешені пайдалануға берілген болатын.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий