Сумен жабдықтаудағы іркілістер

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың тапсырмасымен облыс орталығын сумен жабдықтауда іркілістердің орын алуына байланысты жедел штаб құрылды. Жұма, сенбі, жексенбі күндері пәтерлерге судың берілмеуінің басты себебі – Сергеев су қоймасындағы апаттың орын алғандығы.

Сергеев су қоймасында апатты жағдайдың орын алуына байланысты 14 сәуірде облыс орталығына ауыз су беру тоқтатылды. «Казводхоз» мамандары 15 сәуірдегі түнде апатты жойып, сенбі күні түстен кейін су бере бастады. Алайда, сол күні кеште тағы да апатты жағдай орын алды. «Казводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы директорының орынбасары Тоқа Мұқамбаев былайша түсініктеме береді: «Сергеев су қоймасындағы электр қуатымен жұмыс істейтін насос станциясында Ольгинка селосы жанында күшті су тасқынының салдарынан апатты жағдай қалыптасты. Су тасқынының молдығынан аталған подстанцияның біраз тораптары зардап шеккен. Қазір жағдай қалпына келтірілді. «Казводхоз» кәсіпорнының мамандары кезекті апаттың алдын алу үшін қысымды қатаң бақылауда ұстауда». «Көкшетау Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жетекшісі Зейнур Альбеков: «Қалыптасқан жағдай қала әкімдігінің қатаң бақылауында. Қала бойынша 15 автокөлік суды тасып, жеткізуде. Бұл орайда өтінішті кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне 77-27-77 және Көкшетау қаласы әкімдігінің орталық диспетчерлік қызметіне 29-78-25 телефоны арқылы айтуға болады. «Автоқалашық» мөлтек ауданының, Абай және Ғабдуллин көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлерге тасып берілді. Айта кететін жайт, қысымның әлсіздігінен су 4-5 қабаттарға көтерілмеуі мүмкін. Бұл уақытша жағдай. Сәл шыдай тұрыңыздар!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс