Суреттегі балалық шақ

Көкшетау қаласының тарихы музейі «Миг детства в фотообъективе» атты жаңа жобаны жариялайды. Ондағы мақсат – қала тұрғындарының отбасылық фотоальбомдарынан балалық шақ фотосуреттерін жинап, фотокөрме ұйымдастыру.

Бұл шараға қатысу үшін балалық шақ фотосуреттерін музейге әкелулеріңізді өтінеміз. Фотосуреттер балалардың балабақшада, сондай-ақ, мектеп қабырғасында, топпен үйде, саябақта, фотосалонда, қала объектілері маңында түскен болуы мүмкін. Жоба нәтижесі бойынша өткізілген қорытынды фотокөрмеде бүгінгі жас ұрпақ өздерінің ата-әжелерінің, әкелері мен аналарының балалық шақ фотосуреттерін көріп, өткенге саяхат жасауға мүмкіндік алады. Фотосуреттерді жинау жұмыстары 20 мамырға дейін жалғасады. Музейде көшірмеден өткізіліп, түпнұсқасы өздеріңізге қайтарылады. Егер уақытыңыз болмаса музей қызметкерлері материалдарды алу үшін үйлеріңізге бара алады. Қорытынды фотокөрмені
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында қалалық бақта өткізу жоспарланған.

Музейдің мекенжайы: Қанай би көшесі, 32, Көкшетау қаласының тарихы музейі. Байланыс тел.: 26-57-86, 72-21-22, E-mail: muz.kokche@mail.ru

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс