Су тасқынына – берік тосқауыл

Михаил ШАТКОВСКИЙ,
Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар басқармасының
бас маманы, азаматтық қорғау майоры

Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы №А-2/222 қаулысына сәйкес Көкшетау қаласының территориясында су тасқынының алдын алу шаралары жасалып, төтенше жағдайларға басшылық ететін ведомствоаралық комиссия құрылды. Осы іс-шараға сәйкес жедел штаб ұйымдастырылып, Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы және Қызыл Жұлдыз ауылындағы су тасқыны қауіпті деген учаскелер бойынша карта-кесте жасалды

dsc_0803k

Көкше Жәрдем» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Қаланың тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі, «МЖД-Сервис» жауапкершілігі шектеу-
лі серіктестігі қала аумағындағы су ағатын арықтарды қысқы күл-қоқыстан тазартып, ақпан айының басында орталық алаңдар мен көшелерде, үй маңдарында жинақталған қарды сыртқа тасымалдады. Осынау игілікті шарадан пәтер иелері кооперативтері де тыс қалған жоқ. Олар тұрғындарды ұйымдастырып, көпқабатты үйлердің маңындағы қарларды тасымалдауды қамтамасыз етті. Мұндай жұмыстар Краснояр селолық округі мен Станционный поселкесінде де жүргізілді. Көкшетау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы әр сенбі сайын тұрғын үй секторларын аралап, орын алған кемшіліктер бойынша ескерту жасайды. 6 ақпан мен 11 наурыз аралығында ғана 420 жекеменшік үйлер және меншіктің әр түріне жататын нысандар қатаң бақылауға алынды. Осынау істердің маңыздылығы ескеріле отырып, Қылшақты және Шағалалы көлдерінің арнасы толығымен зерттелді. Мұздың шеті сөгілмесе де Шағалалы су қоймасынан ағызылатын жылы судың көмегімен мұз ери бастады. Әрине, барлық жауапкершілікті коммуналдық мекемелерге, жедел топ мүшелеріне жүктей бермей, қала тұрғындары да сергектік танытуларын сұраймыз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс