Сыйлыққа велосипед алды
28 мамырда Көкшетау қаласында «Жинақ банкінің жасыл марафоны» дәстүрлі спорттық экологиялық акциясы өтті. Бұл шараның басты мақсаты – қазақстандықтардың басты назарын қоршаған ортаның экологиясына айрықша назар аударып, салауатты өмір салтына белсендірек тарту.
«Жинақ банкісінің» жасыл марафон шарасы биыл Қазақстан, Ресей және Белорусияның 53 қаласында алтыншы рет өткізілуде. Облыс орталығы – Көкшетау қаласының Тәуелсіздік алаңына кішкентай бүлдіршіндерден бастап, қарт адамдарға дейін көптеп жиналды. Олардың бәрі Тәуелсіздік алаңынан Кенесары көшесіне дейін өткен жасыл марафон жарысына қатысты. Жарысқа қатысқан ең жас талапкер №1 орта мектептің оқушысы Николай Каско сыйлыққа велосипед алды.