Сынақты сауапқа айналдырайық

Қазір халықтан тыныш кетіп, коронавирус індетімен күресу үстінде. Білім беру жүйесін былай қойып, кейбір қызмет түрлері де адамдарға ыңғайлы болу үшін үйде отырып жасалады. Мешіттерде де намаз оқу және басқа рәсімдер уақытша көпшілік негізде өткізілмейтін болды. Бірақ, мешіттер өзінің халыққа қайырымдылық жасау шараларын тоқтатқан жоқ.Жақында Жарқайың аудандық мешіті аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созды. Бар-лығы жиырма жанұяға азық-түлік таратты. Ел Президенті тұрғындарға медициналық бетперделерді тегін таратуға тапсырма берген еді.
Бұл бастамаға Ақмола облысының мешіттері үн қосты. Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешіті жанындағы «Зейнеп» тігін цехы осы өнім түрін шығаруға кіріскен-ді. Ал, Целиноград ауданына қарасты Қоянды ауылының мешіті де осы күнге дейін үш мың дана бетпердені тегін таратты. Бір атап өтерлігі, 150 бетперде қолмен тігілді. Атбасар мешітінің жамағатының ұйымдастыруымен және кәсіпкер азамат-тардың көмегімен әлеуметтік жағ-дайлары төмен отбасыларға, мүм-кіндігі шектеулі азаматтарға, көп-балалы аналарға, жалғызбасты қарияларға қайырымдылық жасалды.

Nasihat.kz сайтынан.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий