Сынға түскен серілер

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжат-тамалар басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы, Көкшетау қаласының спорт және дене шынықтыру бөлімі облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты – жігіттердің бойында патриоттық сезімді оятып, ұлттық өнерді ұлықтау. Екі күнге созылған байқауда облысымыздың 11 ауданы мен Степногорск қаласынан келген 12 сері өз бақтарын сынады. Әр қатысушы сен тұр мен атайыннан кем емес. Әрбірінің бойында жігітке лайық өнер мен са-йыста жеңіске жетемін деген мақсаттарын байқауға болады. Екі кезеңнен құралған байқаудың шымылдығы Красный Яр селосындағы ипподромда бастау алды. Шара қатысушыларының ат үстіндегі шеберліктері мен біліктіліктерін, күштерін сынау мақсатында «Алғыр жігіт», «Білекті жігіт» сайыс-тары ұйымдастырылды. Бірінші бөлімде қатысу-шылар аударыспақ, кір тасын көтеру, армрестлинг, қол күресі бойынша өзара күш сынасты. Екінші бөлім «Көкшетау» мәдениет сарайының сахнасында өтті. Қатысушылар өздерін таныстыру, сұрақ-жауап, өз өнерлерін көрсету бо-йынша сынға түсті. «Баласы бәйгеге шапса, анасы үйде отырып тақымын қысады» демекші, көрермендер арасында бауыр еті баласын қолдап келген аналар мен отағасын қолдап келген от аналары да бой көрсетті. Өз өнерлерін ортаға салған жігіттер бойларындағы қобалжу сезімін байқатпауға тырысты. Байқау соңында қызу сайыстың әділ шешімін беретін қазылар алқасы 4 номинация бойынша жігіттерді марапаттауды жөн көрген. «Жігіт сұлтаны» бас жүлдесіне қатар-ластарынан алға озып, Красный Яр селосының намысын қорғаған Манар-бек Аманкелді лайық деп танылды. «Білекті жігіт» номинациясы бойынша Саят Жүзжасаров, «Өнерлі жігіт» номинациясымен Зеренді ауданының атынан шыққан Ақылдас Семетай, «Білікті жігіт» номинациясымен Қорғалжын ауданының атынан шыққан Төрежан Бейсембаев, «Алғыр жігіт» номинациясымен Егіндікөл ауданының атынан шық-
қан Наурызбай Әбдібай марапатталды. Шара соңында байқау жеңімпаздары ұйым-дастыру алқасының бағалы сыйлықтары және дипломдармен марапатталды.

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий