Сіздің білуіңіз қажет!

Қазір коронавирус індетінің өршуіне байланысты адамдардың біраз бөлігі үй жағдайында емделіп жатыр. Көбі әлеуметтік желілерден, елдің аузынан естіген емді жанға жалау етуде. Алайда, дерттен сақтанамыз деп жүріп, жалған ақпараттарға еріп, өмірімізге қауіп төндіріп жатқанымызды білмей қалуымыз да мүмкін. Төменде газет тілшілері жинақтаған дәрігерлердің кеңесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Нұрбол Құдайберген, жалпы хирург:
– Қазіргі уақытта дәріханаларда дәрі-дәрмек таптырмай тұрған шақта көп уақыт жоғалтпай, үй жағдайындағы ем-домды қолдану керек.
Біріншіден, сарымсақтың пайдасы мол. Тек оны артық мөлшерде пайдалана беру де денсаулыққа кері әсерін беруі мүмкін. Аш қарынға емес, күнделікті тағаммен бірге қолданған жөн. Себебі, бұл антибиотиктің орнын басады.
Екіншіден, ешкінің сүті де иммундық жүйеге өте пайдалы. Неге десеңіз, оның құрамында «казеин» бар. Әсіресе, кішкентай балаларға тиімді болмақ. Ешкінің сүтіне бал қосып, таңертең, кешке ішу керек.
Үшіншіден, температурасы бар адам күніне 2-2.5 л. сұйықтық ішу керек. Себебі, науқас көп терлеген сайын, ағзадағы сұйықтық мөлшері өз қалпында болмайды. Сондықтан, жылы сұйықтық ішіп, 4-5 рет жақсылап терлесе кез келген вирустық ауру-сырқаудан құлан таза айығады. Сондай-ақ, компот, жеміс-жидек шырыны пайдалы дәрумендерге бай екенін мен айтпасам да, білесіздер. Бұлар ең әуелі температураның түсуіне көмектеседі. Және науқас адамның арқасын, аяқ-қолын спиртпен сылау арқылы да температураны түсіруге болады. Алайда, температурасы бар науқас монша қабылдамау керек.
Төртіншіден, саумал қан қысымы төмен науқастарға болмайды. Бірақ оның пайдасы иммундық жүйені реттейтін, иммундық жасушаларды қуаттандыратын минералдарға бай. Ал, қымызды қан қысымы жоғары науқастарға қабылдамауға кеңес берер едім. Қымыз бен саумалдың өкпе аурулары бар науқастарға пайдасы орасан зор.
Бесіншіден, ет сорпасына қара бұрыш, қызыл бұрыш қосып ішкен абзал. Бұлар денедегі барлық суыққа, инфекцияға бірден-бір ем болып табылады.
Алтыншы, өкпеге жылқының майы көмектеседі. Бірақ оны көп мөлшерде жағу ағзаға кері әсерін беруі мүмкін. Себебі, бұл майдың эмульсиялану процесі өте жоғары, тіпті сүйекке сіңе алады. Сондықтан, оны күніне бір рет қана арқаға және табанға 3-4 күн жаққан дұрыс. Кішкентай балалардың өкпесіне жылқының майын жұқалап аз мөлшерде жаққан дұрыс. Баланың арқасын сылау барысында вибрация беріп, яғни алақанмен күш түсірмей соққылау керек. Ол өкпедегі барлық шырыштың (қақырық) шығуына көмектеседі. Өкпе таза болса ешқандай асқыну болмайды.
Жетінші, өсімдіктерден адыраспан түтінінің пайдасы зор. Бұл ауадағы инфекциялардың таралуына жол бермейді…
Ғабит Нұрғалым, дәрігер:
– Қазір күннің күрт ысуына байланысты адамдардың ең әлсіз жері салқын су ішу, балмұздақ жеу, кондиционер астында отыру, салқындатылған душ қабылдау болып тұр. Он адамның сегізі осылардан зардап шегуде. Ал, ағзаға азғантай ғана суық түсуі коронавирус індетінің өршіп тұрған шағында қиынға соғуы мүмкін. Бұндай жағдайда бәріне бірдей укол не системаны онлайн тағайындау дұрыс емес.
Өз басым халық еміне көбірек сенемін. Себебі, антибиотиктердің дүниеге келгеніне ғасыр да толған жоқ. Ал, халық емдерінің пәлен ғасырлық тарихы бар. Солардың ішінен, әсіресе, саумал ішуге кеңес берер едім. Саумал – өкпесі зақымдалған, туберкулезбен ауыратын адамдарға сеп болып жатқанда, коронавирус індетіне де белгілі бір деңгейде қарсы тұра алады деп ойлаймын.
Айжан Досжан, терапевт:
– Масканы араққа немесе медициналық спиртке шылап алып, күніне екі-үш рет спирті ұшып кеткенше тағып жүрсеңіз, иіс сезу қабілеті қалпына келеді. Әрі спиртке шыланған тұмылдырықтан вирустардың өтпейтіні даусыз.
Бұдан бөлек, сарымсақ пен пияздың да пайдасы орасан зор. Тек оны көп мөлшерде пайдаланбау керек. Ыстық сүтке үккіштен өткізіп, ішкен жағдайда адам ағзасында вирустарға төтеп беру иммунитеті қалыптасады. Және коронавирус қанның қоюлануына әкеп соқтырады. Соның салдарынан көп адамның жүрегі тоқтап қалып жатыр. Сондықтан, қанды сұйылтатын дәрілерді боржомимен ішу керек. Бұндай жағдайда қымыз бен шұбат таптырмас ем!
ҚР Денсаулық сақтау
министрлігі бекіткен ем түрі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сапа жөніндегі бірлескен комиссиясының отырысында коронавирустық инфекция-
ны диагностикалау және емдеу хаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы амбулаториялық негізде коронавирустық инфекцияны бақылау және емдеу үшін 4 құжат дайындап, ұсынды. Жаңа алгоритмге сәйкес, ауру белгілері енді байқалған науқастарды қоғамдық емхананың дәрігерінің бақылауымен үйдегі карантинге орналастыруға және олардың денсаулығын бақылауға болады. Дене температурасының 38°С-қа дейін жоғарылауы (немесе температураның көтерілмеуі), жалпы әлсіздік, тершеңдік, миалгия, дененің ауыруы, бас ауруы, жөтел, дәм мен иістің нашарлауы, диарея – ауру белгілерінің алғашқы сатысын білдіреді.
Бұндай жағдайда біз жарты төсек режимін, көп фракциялық сусынды (әр кг үшін 30 мл) – газсыз су, жеміс сусындары, шай, сорпаны ішуді ұсынамыз. Аурудың алғашқы 5 күніндегі симптомдардың динамикасын бақылау керек. 5 күннен кейін дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік және ентігу кезінде антибиотикалық терапия тағайындалады: 1-ші күні 500 мг азитромицин, содан кейін 4 күн ішінде күніне 250 мг. Дене қызуы 38°C көтерілгенде күніне 3-4 реттен жиі емес парацетамол 500 мг, ибупрофен 200 мг қолдану керек. Қосымша терапияны дәрігер пациентпен кеңесіп тағайындайды.
Пневмониямен ауыратын науқастарда кішкентай зақымдану мөлшері (КТ болған жағдайда 30% таралуы) дене температурасының 38-38,5°С-тан жоғарылауы байқалады, сонымен қатар пароксизмальды жөтел, кеудедегі жану сезімі, жаттығудан дем алу. Бұл жағдайда сіз үйде болуыңыз керек, жұмыс берушіңізге ескертіңіз және өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізіңіз. Температураны, импульсті, тыныс алуды бақылау. МСАК провайдерімен қашықтықтан байланыс жасаңыз. Жартылай төсек режимімен қоса, көп фракциялық сусынға назар аударыңыз. Тромбоз қаупі жоғары 10-20 күн ішінде профилактикалық дозаларда антикоагулянттар ауызша ұсынылады. Антибактериалды терапияны дәрігер тағайындайды. Көп мөлшерде фракциялық су ішу режимін сақтаңыз (әр кг үшін 30 мл). Сондай-ақ, күніне кемінде 1 сағат ішпен жату пайдалы (егер жақсы төзімді болса).
Бұған қоса (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті және басқалары) қатар жүретін аурулары бар науқастар (белгілері: дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, тершеңдік, буындардың ауыруы, бас ауруы, нәжіс, қысымның жоғарылауы/төмендеуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы) белгілері байқалған жағдайда, өзіңіздің индикаторларыңызды (температура, жүрек соғу жиілігі және тыныс алу) қадағалаңыз. Температураның жоғарылауымен парацетамолды 500 мг немесе ибупрофен 200 мг-нан күніне 3-4 рет жиі қабылдаңыз.
Cонымен қатар, сабырлы және позитивті болыңыз. Егер науқасты бақылауда ұстасаңыз, емдеп-жазу оңайға соқпақ. Егер науқастың жағдайы күрт нашарласа, дәрігерге хабарлау керек, дәрігердің әрі қарай басқару тактикасы туралы шешім қабылдауы үшін бақылау парағын беріңіз.
Егер 3 күн ішінде дене темпера-турасының көтерілуі, тыныс алу симптомдарының регрессиясы болмаса, КТ-да өкпенің зақымдану мөлшері 50% -дан аз (бар болса), ПТР тестінің оң нәтижесі болса да, клиникалық және аспаптық жақсарту критерийлері болса, пациент үйде емделуді жалғастыра алады.
Біз бір-бірімізге қамқор болуымыз керек! Өзіңізді және басқаларды қорғаңыз!

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий