Сүйікті қалаға – сүйкімді әрекет

Көкшетау ерекше, қарқынды даму, жаңару, жаңғыру үстінде. Салынып бітіп, пайдалануға берілген тұрғын үйлер, жөнделген жолдар, салынған көпірлер қаншама?! Алда тұрған жоспарлар одан да қомақты.

Енді сүйікті қаламыз осындай, елеулі өзге-рістерге құлшынған тұста қол қусырып, бір шетте
тұрған қаланың қай тұрғынына болсын жараспайтындай. Олай болса қалада жиі ұйымдастырылатын сенбіліктерге белсенді қатысқанға не жетсін?! Сүйікті қаламызға қалтқы-сыз қызмет, сүйкімді әрекет арнасақ болмас па?!
Міне, алтын күздің жаймашуақ бір күнінде тағы бір сенбілік өтті. Сарғайған жапырақтар қар астында қалып, күл-қоқыс қар бүркеніп былғанбауы үшін аса қажет сенбілік.
Бұл жолғы сенбілікке 3500 адам жұмыл-дырылды. Жеке кәсіп-орындар тарапынан қосымша самосвалдар мен жүк тиегіштер, тракторлар мен тротуарларды тазартатын техникалар іске қосылды. «Жасыл Ақмола» акциясы аясында 1520 түп қарағай көшеттері егілді. Қаладағы бекітілген ұйымдар мен кәсіпорын қызметкерлерімен 4 мың қап жапырақ жиналып, қоқыс алаңы жойылды. Қолдарына күректері мен тырмаларын алған қала тұрғындары әрбіріне бекітілген аумақта санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында Көкшетау қаласы тазарып, жаңарып қалды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий