Сұрақтарға тікелей эфирде жауап берілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.
Спикерлер мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов болды.
Эфир барысында түсініктеме алу үшін 10 азамат жүгінді. Эфирге қатысушылардың жалпы саны 108 адамды құрады. Instagram қолданушыларын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жұмысқа орналасу, сондай-ақ, электрондық-цифрлық қолтаңба алу, мобильді азаматтар базасында тіркелу, жер учаскесін тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтар бойынша толық түсініктемелер берілді.
Бүгінгі таңда әр адамның түрлі салалардағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша қажетті кеңес алу мүмкіндігі бар. Ол үшін 51-81-33 телефонына хабарласу қажет.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий