Сәнді қала – салтымыз!

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин 23 мамырда Көкшетау қаласындағы аулалар мен көшелерді абаттандыру, көркейту жұмыстарының барысымен танысты. Онымен Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, жергілікті полиция қызметінің жетекшілері бірге болды.

Қаланы аралау барысында өңір басшысы орталық көшелер мен аулалардың санитарлық тазалығына, кейбір кәсіпкерлік нысандардың эстетикалық ажарына байланысты бірқатар сын-ескертпелер жасады. Атап айтқанда, «Евразийский банк» акционерлік қоғамы филиалының территориясында әлі күнге гүлзарлар жасалмаған, тіпті ағаш та отырғызылмапты. Әуезов көшесі 268 мекенжай бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учас-ке қоршалып, техника қауіпсіздігі шаралары сақталмаған. Жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіпті қорғауды белсендірек жүргізіп, мемлекет мүлкіне залалын келтіретін сотқарларды көгілдір экран арқылы әшкерелеуді қолға алулары керек.
Екі сағатқа созылған сапар барысында облыс әкімі тарапынан күл-қоқыстарды жүйелі түрде жинас-тырып, канализация люктарын инвентаризациялау жұмыстарын қолға алу, жоспарсыз, яғни стихиялық түрдегі сауда-саттыққа тыйым салу хақында тапсырмалар берілді. Бизнес өкілдері өздерінің сауда нысандары орналасқан аймақты таза ұстауға, абаттандыруға міндетті. Сонымен бірге өңір басшысы Мәлік Мырзалин орталық паркте бұған дейін жасалған ескертулерден тиісті қорытынды шығарылғандығын айта келе, Қопа көлі жағалауында абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жоба жасау қажеттігін ескертті. Өңір басшысы бұған дейін «Васильковка», «Центральный», «Застанционный» мөлтек аудандарында болып, ағымдағы жұмыстардың барысымен танысқан болатын. Содан бері аз уақыт өтсе де бұл аймақтарда да бір қыдыру жұмыстардың жүзеге асырылғандығын байқауға болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс