Сәнді қала – салтымыз!

Қыста да, жазда да қала көшелерінің ажарлы болуы алдымен оның санитарлық тазалығына байланысты. Бұл орайда коммуналдық мекемелер өздеріне жүктелер міндетті абыроймен атқарып, әсіресе, қыс айларында қала көшелеріндегі қарды дер кезінде жинап, тасымалдауда белсенділік танытып жүр. Мұның өзі транспорт қозғалысына және адамдардың да жүріп-тұруына қолайлы мүмкіндік жасауда. Жалпы, қала көшелеріндегі қардың дер кезінде тасымалдануы су тасқынының алдын алудың маңызды алғы шарттарының бірі. Бұл қағида – коммуналдық кәсіпорындардың күнделікті іс-қарекетінің басты ұстанымы.
 Суретте: облыс орталығындағы Әуезов көшесіндегі қар тазалау.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс