Тазалық пен көркемдік үшін

Өткен сенбі күні қаланың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мен жоғары, орта оқу орындарының студенттері сенбілікке шықты. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса «Домбыра» ескерткішінің жанына көшеттер отырғызды.DSC_2081
Бұқпа тауының үсті, сай-саласы мен етегінде қар астында қалған қоқысты жинау жылма-жыл жүзеге асырылып келеді. Өте орынды. Өйткені, қала тұрғындары болсын, әр жақтан келетін қонақтар болсын қала іргесіндегі жонын күнге қыздырып, көл көркін келбеттендіре түсіп жатқан осы тауға қызықтай қарайды, басына шығып самал желге кеуде тосады, айналаға көз тігеді. Міне, осынау берекелі таудың таза болғаны дұрыс. Бұл жолғы сенбілікке қаламыздың мемлекеттік қызметкерлері мен студенттері шығып, бір кісідей жұмылып, қоқыс-қалдықтарды жинап, қаптарға салып, көліктерге тиеп, қала сыртына жөнелтті.
Ал, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса қала бағының М.Әуезов көшесі бетіндегі шетін ала, «Домбыра» ескерткішінің жанынан ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне отыз түп қарағай екті. Көктем шыға басталған бұл бастаманың оның әрі жалғасары, облыс орталығының әрбір қолайлы пұшпағына ағаш отырғызыла берері сөзсіз. Жұмыс үстінде Ермек Боранбайұлы қала басшысы Бауыржан Сейітқалиұлынан қала көшелеріне ағаштар, гүлдер отырғызу, тазалықты сақтау жөніндегі жоспарларын сұрастырып біліп, тапсырмалар берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий