«Таза жағалау» экологиялық акциясы басталды

Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеудің қоғамдық онкүндігі шеңберінде Қарақыстақ жерінде, Үлкен және Кіші Шабақты (Щучье-Бурабай курорттық аймағы) көлдерінің арасында қоқысты тазалау бойынша экологиялық акция басталды.

Шараның мақсаты – табиғат тазалығын сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ су объектілерінің аумақтарын қоқыстан тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, жергілікті тұрғындар мен туристердің мәдениетін арттыру. «Таза жаға» экологиялық акциясы Ақмола облыстық туризм басқармасының, Бурабай ауданы әкімі аппаратының қолдауымен «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен өткізілді. Акцияға кез келген адам санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қатыса алады. Аталған шараға туризм басқармасының, «Visit Aqmola», Бурабай ауданы әкімі аппаратының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бурабай» ЖШС, Щучье жоғары техникалық колледжі, Щучье орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі жұмыс ұжымдарының 70-тен астам адамы қатысты. Акция барысында 60 қап күл-қоқыс жиналды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий