Тарихи кезең тарландары

«Тәуелсіздік жылдардағы Көкше тарихы» жобасы аясында Көкшетау қаласының тарихы музейімен бірлескен «Тарихи кезең тарландары» айдарымен ел Тәуелсіздігінің нығаюына атсалысып, халқымыздың игілігі үшін еңбек еткен тұлғалардың естеліктерін ұсынамыз.
Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізгені белгілі. Әрбір жетістікке қол жеткізуде түрлі саладағы еңбек адамының қосқан үлесі зор.
Жұмабаев Қызыр Ыбырай-ұлы. Қазақстан Республикасының Халық депутаты (1990-1994 жж.), мемлекеттігімізді қалыптастырудың алғашқы сындарлы сәтінде облыс басшысы
ретінде (1993-1996 жж.) өлкеміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам
қайраткері. Егемен елдің ірге-тасын қалаудың қиыншылық-тарға толы алғашқы кезеңі Қызыр Ыбырайұлының Көкшетау облысының әкімі болып қызмет атқарған жылдарымен тұспа-тұс келді.
«…1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өтіп, онда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Мен – сессия жұмысына қатысып, бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы үшін дауыс берген бақытты жандардың бірімін. Бұл – менің депутаттық шағымның ең бақытты сәті… Иә, оңай шаруа емес еді. Тіпті, депутаттардың арасында да бұра тарту, әрқилы пікір айтулар аз емес болатын. Бірақ ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген де тегеуірінді сая-сатының арқасында біз осы бір тарихи шешімді қабылдадық. Сессия жұмысына сол кездегі Көкшетау облысынан он екі депутат қатысты. Олардың қатарында Болат Жанәділов, Виталий Воронин, Моисей Чжен, Сергей Новиков, Қайрат Жүсіпов тәрізді халық қалаулылары болды. Осы бір жүрекжарды қуаныш сессия жұмысына қатысып отырған депутаттардың көкіректерін шаттыққа бөлеп тұрды. Бұл бір қайталанбас қуаныш, теңдесі жоқ тарихи сәт болатын…», – деп жазады өз естелігінде Қ.Жұмабаев.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий