Тарихтан сыр шертіп …

Орталық қалалық  үлгілі балалар және жасөспірімдер кітапханасы Астана күнін орталық саябақта атап өтті. Еуразия жүрегінде, тұлпардың тұяғы, сұңқардың қанаты талатын  кең байтақ қазақ жерінің кіндігінде орналасқан еліміздің бас қаласы биыл 19 жасқа толды. 

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің өтуі, жаңа ғимараттардың салынуы қала келбетін жақсы жағынан көрсетуде. Елорда ғылыми ілгерілеудің, барша қазақстандық ұлттың дамуының орталығына айналды.  Шара аясында «Астана балалар көзімен» сурет байқауы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат: жас оқырмандарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру,  ортақ құндылықтарға, ұлттық бірлікке баулу, балалардың шығармашылық қабілетін ашуға көмектесу, сурет салу  арқылы  дарынды балаларды анықтау, олардың дамуына жағдай жасау. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, Елордамыздың көз тартатын әдемі ғимараттары: Бәйтерек, Ханшатыр, Ақ Орда, т.б.қылқалам арқылы бейнеледі. Сөйтіп олар егемен еліміздің әлем таныған Елордасы – Астананы отаншылдық сезімдері арқылы әр қырынан ашып  көрсете білді. Байқаудың нәтижесі бойынша «Еліміздің жүрегі-Астана» атты арнайы кітап және фото көрме ұйымдастырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс