Тарих тағылымына бойлады

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру және Жастар жылын қолдау мақсатында Көкшетау қаласының тарихы музейі дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Тұлға. Тағылым. Тағзым» атты кеш өткізді.
Шараға мейман ретінде өлкетанушы, профессор Жеңіс Темірханұлы және Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері Мұрат қажы Ыдырысұлы арнайы шақырылды. Олар өздерінің еңбек жолындағы қиыншылықтары мен қызықты сәттері жайлы әңгімелеп, жастарды елімізге аянбай адал еңбек етуге
шақырды. Зиялы қауым өкілдерінің еңбек жолын-дағы және қазіргі зерттеу жұмыстары туралы дайындалған арнайы фото слайдтар көрсетіліп, жазған кітап-тары көрмеге қойылды. Жеңіс Темірханұлы жас өлкетанушыларға зерттеу жұмыстары туралы баяндап берді. Мұрат қажы Ыдырысұлы жарық көрген еңбектерін мектепке сыйлады. Көкшетау, туған жер туралы өлкетанушыларымыздың жазған шығармаларынан өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий