Тағайындау

Көкшетау қаласы әкімінің ағымдағы жылғы 29 мамырдағы өкімімен Ұлан Серікұлы Сарқұлов Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ұлан Серікұлы 1980 жылғы 27 шілдеде Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында туған. 2002 жылы Ресей Федерациясының федералдық қауіпсіздік академиясын юриспруденция мамандығы бойынша, 2008 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша бітірген. Ол еңбек қадамын 1997 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті органдарында әскери қызметтен бастады. 2004-2006 жылдар аралығында Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің атташесі және үшінші хатшысы болып істеді. 2006 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі лауазымына тағайындалды. 2009-2011 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі аппаратында істеді. 2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті іс басқарушысының бөлім меңгерушісі, 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті шаруашылық басқармасы жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан «Ақтөбе облысы мемлекеттік сатып алу жөніндегі басқарма» мемлекеттік мекемесін басқарды. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанға дейін Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Облыс әкімінің іс басқармасы» коммуналдық-мемлекеттік басқармасына жетекшілік етті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс