Тағылымды шаралар жалғасады

«Достар» мәдениет сарайында Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы алға қойған міндеттер бойынша қалада жүзеге асырылған жұмыстарды қорытындылауға арналған брифинг болып өтті. Шарада Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.Жүсіпов баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Б.Жүсіпов өз баяндамасында Тұңғыш Президент мақаласының тапсырмаларын тақырыптарына орай сала-салаға бөліп қарастырды. Мәселен, «Туған жер» арнайы жобасы аясында 2019 жылы меценаттар есебінен 10 млн. теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген. Олардың ішінде «Көкшетау жолдары» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, «Agrimer- Astyk», «ЕНКИ», «МПЗБижан», «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы», «Көкшетаухлебстрой», «Хладокомбинат», «Новопэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Көкшетау қаласының 195 жылдығына орай «Құрақ көрпе fest» фестивалі өтіп, қала тұрғындарының үлкен қызығушылығы және қатынасы үстінде тігілген көрпелердің Гиннес рекордтар Кітабына енгені жұртшылықтың есінде.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына да көкшетаулықтар белсене қатысты. Есімі еленгендердің бірі Наталья Дементьева осы жиынға қатысып отыр.
«Қазақстанның сакралдық географиясы» жобасының мақсаты ұлттық мәдени кодты өзектендіру мақсатында Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын, киелі орындарын сақтау, қалпына келтіру, дәріптеу болып табылады. Соған байланысты қала ескерткіштерінің электрондық карталары, киелі нысандары QR-кодтармен қамтамасыз етілген. – Тек бұл арада осы орнатылған қондырғылар кеңінен насихатталып, тұрғындарға дұрыс түсіндіріліп, қолданыс аясы кеңейтілуі керек. Бұған бұқаралық ақпарат құралдары атсалысуы тиіс, – деді Б.Жүсіпов. Осылайша, баяндамашы бағдарламалық мақаланың барлық тақырыптары бойынша атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Журналистер мен шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар сұрақтарына жауап бере келіп, Б.Жүсіпов, өскелең ұрпақтың үштілділігі, ағылшын тілін оқытуды қай сыныптан бастау керектігі, тәрбие жұмыстарын жандандыру, тиімділігін арттыру жөніндегі пікірлерімен бөлісті. Сөз соңында ол Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған тағылымды шаралардың одан әрі жалғаса беретінін айтты. Брифингке қатысушылар, сондай-ақ, №11 мектеп-гимназия, №18 мектеп, Красный Яр кентіндегі №2 мектеп, А.Мырзахметов атындағы университет, қаладағы IT мектебі, Неке сарайы жанынан құрылған ұлттық қолөнер орталығы ұсынған көрмелерді тамашалады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий