Тағылыми мол кездесу

Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған, Көкшетау – Қазақстанның мәдени астанасы жобасы аясында ҚР Жазушылар одағы өкілдерінің, ҚР Әдебиет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен «Тәуелсіздік әдебиеті» әдеби форумы аясындағы «Поэзия пырақтары» атты кездесуі өтті.

Іс-шарада халықтың рухани мұратына қызмет етіп жүрген қазақтың көрнекті ақындары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, публицист, ақын, аудармашы Бауыржан Жақып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Дарын Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы жас оқырмандармен кездесті.

Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9 сынып оқушылары ақын ағаларымен емен-жарқын сұхбат құрып, қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды, танымал тұлғалардың сыршыл әлемімен қауышты. Тағылымы мол кездесуден оқушылар үлкен әсер алып тарқады.

Б.Айдосова,

Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий