Тағылымы, дерегі мол

Облыстық әкімдік қолдауымен жарық көретін Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филалының «Жер шоқтығы» (филиал директоры және журналдың бас редакторы Төлеген Қажыбай) атты әдеби-мәдени және қоғамдық журналының кезекті саны (№3, (18) 9. 2016) қолға тиді.

Басылымның бұл санынан оқырман академик, сыншы Серік Қирабаетың алғысөзімен жарияланған Болат Бекеновтің әңгімелерін, Роллан Сейсенбаевтың «Тамыры терең талант» деп аталатын тартымды эсселерін, Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты», «Жанерке» поэмаларын, Тұрысбек Сәукетаевтың «Жер» әңгіме-реквиемін, Төлеген Қажыбайдың «Ақан сері әпсаналары», Қазыбек бек Тауасарұлының «Майқы би», «Түздің адамы», Ермек Балташұлының «Ассалаумағалейкум, нар Кемпірбай!..», тағы басқа талғамды, тағылымы мол, дерегі көп шығармаларын оқи алады. Ал, жергілікті ақын-жазушылар шығармаларынан ақын Серік Жетпісқалиевтың «Тәуелсіздік – қастерлім, қасиеттім!» атты толғауы мен «Ғашықпын саған, Көкшетау!» атты өлеңдер топтамасы, Ерболат Баятұлының «Жат келін» әңгімесі, журналист Бақыт Смағұлдың «Жармақты Сәтбек батыр итке талатқанын білеміз бе?» деген тарихи дерегі, жас ақын Қуаныш Оспановтың өлеңдері жарияланған. Қысқасы, «Жер шоқтығы» бұл жолы да өз «мінезіне» сай терең ойлы, шұрайлы тілді, тартымды шығармаларды алға тартыпты. Айтары көп журналдың жаңа санын алып, оқыңыз, талғамды оқырман!

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс