Тағылымы мол

Рақымжан Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары Мәлік Ғабдуллин музейінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Батырлар туған бақ мекен» атты инновациялық жоба аясында мәдени іс-шара өткізді.

Гүлдариға Исина,
Р.Қошқарбаев атындағы №1 Қосшы орта
мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

Мәлік Ғабдуллин мұражайының директоры, ақын, Құдайберлі Мырзабек батыр атамыз Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы дәріс-сабақ жүргізіп, мектебімізге естелік ретінде «Ақын халықтың батыр ұлы» атты кітапты сыйға тартты. Мұражайдың аға ғылыми қызметкері Аягөз Махметова «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Бас қор сақтаушы Серікжан Жүзжанова батырдың ерлік істері және майдандастары туралы естелік мәліметтер берді. Мұражайдың экскурсоводы Абзал Балтабаевтың Мәлік ағаның «Менің майдандас достарым» еңбегіндегі қаһармандық тақырыбындағы дәрісін зейін қоя тыңдадық. Біздің мектептің домбырашылар ансамблі «Көне қала Бытығай» атты күйді нақышына келтіре орындады. «Әлия» әнін шырқаған 7 сынып оқушысы Ақылбай Арнұр көрермендерді өзінің ерекше дауысымен таң қалдырды. Қыздарымыз «Пилотшылар» биін билесе, 8 «ә» сынып оқушылары «Сарбаздар» әнін орындады. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар Қосшы ауылдық округінің бас маманы Саниям Қазенова, Целиноград аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айткүл Қабыкенова, Қосшы ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Қабділбар Абаков, мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлнара Рамазанова, оқу ісінің орынбасары Сұлуай Ильясова аға-ұрпақтың ерлік дәстүрлері туралы тебірене сөз сөйледі. Жас ұрпаққа ұлы тұлғаларымызды таныту – біздің міндетіміз. Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Оқушылар үшін бүгінгідей тағылымды кездесудің маңызы өте зор.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс